2019 жылы құрбымның үйінде қонақта болғанымызда «Молочная девочка» тортын алғаш рет татып көрдік — ол бірден өзінің нәзік дәмімен баурап алды. Мен оны туған қалам Ақтөбеге апарғым келді, бірақ, өкінішке қарай, ол сатылымда болмай шықты.
Біраз уақыттан кейін Астанаға көшіп келіп, HappyCake-тің пісте рулетімен таныстым. Ол менің ең сүйікті десертіме айналды! Ол кезде оны басқа кондитерлік дүкендерден сирек табуға болатын, сондықтан сатып алу үшін оны «аулауға» тура келетін. Брендті қатты жақсы көргенім сонша, әр демалыс күні десерттерді тек HappyCake-тен алатынмын.
Көп балалы отбасындағы ең үлкен әпке ретінде әрқашан інілерім мен сіңлілеріме қамқор болып, оларға ең жақсысын апаратынмын. Сөйтіп, Ақтөбедегі туыстарым да HappyCake торттарын татып көрсе екен деген ой туды. Мен үшін одан табыс табудан гөрі туған қаламдағы көбірек адамның бренд туралы білгені маңыздырақ болды.
Таныстарым арқылы Асхаттың телефон нөмірін іздей бастадым. Ақыры оған хабарласып, Ақтөбеде HappyCake ашқым келетінін айтқанымда, Асхат дәл сол кезде әлеуетті франчайзилермен кездесу үшін біздің қалаға ұшып бара жатқанын айтты. Ол сәтте мен Алматыда едім, жолдасым іссапарда еді, бірақ балаларымды құрбымның енесіне қалдырып, Ақтөбеге шұғыл ұшып кеттім. Мен соңғы үміткер едім, бірақ Асхатты дәл өздеріне керек адам мен екеніме сендіре алдым.
Кейін Асхат Астанада жолдасыммен тағы бір кездесу белгіледі, бірақ нақты жауап ала алмадық. Тағы бірнеше телефон сұхбаты өтті, содан соң Асхат таңдау менің және тағы бір үміткердің арасында екенін мойындады. Мен туралы естігенде, сол үміткер: «Франшизаны Венераға беріңіздер, мен оны білемін. Ол брендке менен де көп пайда әкеледі. Ол — үлкен тәжірибесі бар ірі мейрамханашы», — деді.
«Франшизаны Венераға беріңіздер, мен оны білемін. Ол брендке менен де көп пайда әкеледі».
Осылайша мен HappyCake франшизасының алғашқы серіктесі болдым. Келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап цех ашылғанға дейін небәрі 40 күн өтті — бұл рекордтық мерзім. Қазір мен HappyCake брендін Ақтөбеде және Алматының бір ауданында дамытып жүрмін.
Барлық тарихтарға